RU
Құдайға құлшылық еткен азамат төрт жасар қызын құрбандыққа шалды (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Құдайға құлшылық еткен азамат төрт жасар қызын құрбандыққа шалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Үндістанның Раджастхан штатында өзінің төрт жасар қызын Құдайға құрбандыққа шалған азамат ұсталды. Ол баласын өмірінен артық жақсы көргенімен, солай жасауға мәжбүр болғанын алға тартты деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Наваб Али. Фото: life.ru

Наваб Али. Фото: life.ru

Наваб Али Куреши есімді 26 жастағы үндістандық азаматтың бұл әрекетін бірден мойындаған.

Ол балақайды әжесінен сұрап, алып кетіп, алдымен тәттіге тойдырып алған.

Отбасы мүшелерінің барлығы түнде ұйқыға кеткенде қызын оятып алып, үйінің кіреберісіне алып шыққан. Төрт жастағы қызын тізесіне отырғызып алған Наваб алдымен дұға оқып, артынша қызының тамағын орып жіберген. Істі бітірген бойда орнына барып жатып қалыпты.

Түн ортасында қызының өлі денесін анасы тауып алыпты. Дәрігерлерді шақырғанмен, олар балақайға ешқандай көмек көрсете алмаған.

Айта кетейік, Наваб өзін шайтанның азғырғанын айтып, кінәсін мойнына алған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
3
4
7
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір