RU
Атырау-Астрахан тас жолындағы жантүршігерлік жол апатынан 12 адам ауруханаға жеткізілген (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Атырау-Астрахан тас жолындағы жантүршігерлік жол апатынан 12 адам ауруханаға жеткізілген (фото)

Рассказать Вконтакте

10 маусым, жексенбіде Атырау-Астрахан тас жолының Құрманғазы ауданындағы №9 разьезд тұсында адам шығыны бар жол-көлік оқиғасы болды деп хабарлайды Ақжайық басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото с сайта mgorod.kz

Фото с сайта mgorod.kz

Бейресми ақпар бойынша "Ларгус" пен "Тойота Эстима" көліктері соқтығысып, салдарынан екі адам оқиға орнында қаза тапса, он адам түрлі жарақаттармен Құрманғазы аудандық ауруханаға түскен.

Ал "Мой город" басылымының мәліметінше, жол апатынан екі адам оқиға орнында қаза тауып, қалған 12 адам жедел жәрдемнің көмегіне жүгінген.

Фото с сайта mgorod.kz

Фото с сайта mgorod.kz

Ал бүгінде зардап шеккен 7 адам Құрманғазы ауданындық ауруханасында ем қабылдап жатса, екі адам облыстық емханда дәрігерлердің бақылауында. Бір әйел үйіне жіберілген.

Ал апаттан зардап шеккен тағы екі адамның жағдайы ауыр. Олардың бірі жансақтау бөлімінде болса, бірі нейрохирургия бөлімінде жатыр.

Қазір жол-көлік апатынан мән-жайы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз
0
2
1
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel