RU
Жалғыз жүретіндердің қандай ауруға шалдығатыны белгілі болды
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Жалғыз жүретіндердің қандай ауруға шалдығатыны белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Даниядағы Копенгаген университетінің ғалымдары жүректегі жалғыздық сезімі денсаулыққа аса қауіпті екенін анықтады. Олар жабырқаудың салдары жүрек-қан тамырларының аурулары мен мезгілінен бұрын өлу жағдайын туғызады деп отыр. Бұл туралы EurekAlert сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: alphacoders.com

Көрнекі фото: alphacoders.com

Зерттеу жұмысына жүрек ауруларына шалдыққан 13 436 адам қатысыпты. Еріктілер онда ішкі жан дүниесінде болып жатқан өзгерістер мен күнделікті сезімдерін баяндап отырған. Нәтижесінде жалғыздықтан жабырқайтын адамдардың жүрек аурулары бұрынғысынан да асқынып кеткені байқалған.

Оған қоса темекі тарту, алкоголь ішу, артық салмақ қосу және оқу қиындығы да жүрекке айтарлықтай әсерін тигізген.

Айта кетейік, жалғыздықтан көңілі түсетін адамдар өлімі серігімен бірге өмір сүретіндерге қарағанда, екі есе жиі кездесетіні анықталды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
3
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір