RU
Путин футболдан әлем чемпионатының алдында Украинаға сес көрсетті
Жаңалықтар Әлем чемпионаты - 2018

Путин футболдан әлем чемпионатының алдында Украинаға сес көрсетті

Рассказать Вконтакте

Ресей президенті Владимир Путин футболдан әлем чемпионаты болып жатқан кезде, Киев ресейшіл сепаратистер бақылайтын аумаққа шабуыл жасаса, "Украинаның жалпы толық мемлекет ретінде салдары ауыр болады" деп күш көрсетті. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: kp.ru

Фото: kp.ru

Ресей көшбасшысы Донбастағы сепаратистерді жақтайтын ресейлік жазушы Захар Прилепиннің сұрақтарына осылай жауап беріп, "бірақ ондай арандатуға жеткізбейміз" деді.

Сондай-ақ, Путин Украина билігін Донбас мәселесін шеше алмай жатыр деп айыптады. Оның сөзінше, Ресей Минск келісімін орындауға дайын, бірақ Украина қаламай отыр екен.

Бірақ соған қарамастан Владимир Путин ресейліктер мен украин "бауырлас халық, болашағы ортақ" екенін айтады.

Ол сонымен бірге Луганск және Донецк облысындағы босқындар мәселесі мен олардың Ростов облысындағы мәртебесі жайында да айтты. Президент сөзінше, олар ресейлік азаматтық алу үшін ырықтандыруды қолдайды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
3
3
0
1
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір