RU
Атырау облысында белгісіз себептен жылқылар қырылып жатыр (видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Атырау облысында белгісіз себептен жылқылар қырылып жатыр (видео)

Рассказать Вконтакте

Атырау облысы Исатай ауданы Тұщықұдық ауылдық округіне қарасты ШҚ жетекшісі белгісіз себептен бірнеше жылқысының өліп жатқанын айтады деп хабарлайды Ақжайық басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Атырау облысында белгісіз себептен жылқылар қырылып жатыр (видео)

Атырау облысында белгісіз себептен жылқылар қырылып жатыр (видео)

Шаруаның айтуынша, өткен жылы да малдары қырылған.

"Бұл жылқыларды несиеге алған едім, енді қалай қайтарамын? Өткен жылы да мал қырылды, құлындар мен бұзауларды қоспағанда 12 жылқы мен 15 ірі қара өлді. Менің хабарламамнан кейін ауданға облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев бастаған бір топ мамандар келді. Бірақ нақты не көмек берілетінін ашып айтпады. Құдықтар ластанды дейді, көшу керек дейді. Бірақ қайда барамыз? Әкімдер, ең болмаса, Құрманғазы ауданындағы немесе Батыс Қазақстан облысындағы иесіз қыстақтарды алып беруге көмектессе жақсы болар еді. Көшіп барған жеріміздегі өсімдіктер мен құдықтардың бүлінбегендігін лабороториялық зерттеуден өткізіп анықтап берсе дейміз", - дейді Сәбит Қуанышқалиев.
Ал облыстық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысынмалдың қырылуына судың сапасы себеп болуы мүмкін деп отыр.
"Жылқының неден өлгені анықтаймыз. Судың сапасынан болуы мүмкін. Өткен жылы осы ауданға қарасты құмдағы оншақты құдықтан сынама алған кезде судың құрамында тұз бен ауыр металдардың болуы анықталды. Енді ол орыннан шаруа қожалықтары көшуі тиіс", - дейді ол.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
0
8
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel