Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелді "бедеулікке" алып келетін негізгі себептер қандай?

Опубликовано:

Бүгінде түрлі жағдайларға байланысты бала көтере алмай, отбасының шырқы бұзылып жатқан жанұялар көп. Осы орайда білікті дәрігерлер "бедеулікті" тудыратын жағдайлар мен одан сақтанудың маңызды ережелерін атап берді. Бұл туралы hronika.info сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: suckhoedoisong.vn
Көрнекі фото: suckhoedoisong.vn: UGC

Әйелдерде бедеуліктің екі түрі кездеседі екен: Біріншісінде әйелдің құрсақ көтере алмауы - тұқым қуалаушылықтан болуы мүмкін. Екінші - жыныстық инфекциялар, эндокриндік жүйенің бұзылуы, соматикалық патология, күйзеліс әсерінен болған бедеулік.

Дәл осы екінші түрге жататын бедеулік әйелделің салауатты өмір салтын ұстанбауынан болады дейді мамандар. Аз қимыл, құнарсыз тамақ пен басқа да зиянды әдеттер соңыц осыған алып келеді.

Осындай олқылықтардың алдын алу үшін дәрігерлер жүктілікті алдын ала жоспарлаға кеңес береді. Сонда, дер кезінде қаралған науқас әйелді емдеп жазу мүмкін болады дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1736647-jeldi-bedeulikke-alyp-keletin-negizgi-sebepter-kandaj/

pixel