RU
Илья Ильин: Ендігі меже - Токио Олимпиадасы
Жаңалықтар Қоғам

Илья Ильин: Ендігі меже - Токио Олимпиадасы

Рассказать Вконтакте

Белгілі зілтемірші Илья Ильин спортпен қоштаспайтынын, керісінше екі жыл қатарынан спорт əлемінен шектетілгеннен кейін жеңіске деген құштарлығы бұрынғыдан да арта түскенін айтты деп жазады NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Токио одимпиадасына келер болсам, бұл мақсат менде бұрын да, осы жағдай орын алғанға дейін бірінші кезекте тұратын. Яғни, Токио Олимпиадасына қатысқаннан кейін ғана бәлкім спортпен қош айтасамын деп ойлайтынмын. Қазір мен тек сол миссиямның орындалуы үшін барымды салып жатырмын. Мен үшін әр олимпиаданың орны бөлек. Бейжің олимпиадасы алғашқы жеңіс, сосын Лондон олимпиадасы. Сол Олимпиадада менің дайындығым өте жоғары деңгейде болған еді.

Жаңа атап өктендей ендігі меже - Қазақстан чемпионаты. Сосын әлемдік дода, кейін Токио дегендей. Тағы да қайталап айтамын,зілтемірді көтеру мен үшін үлкен бақыт, сондықтан тек жеңіске ғана ұмтылатын боламыз", - деді Ильин.

Əлем чемпионы сонымен бірге ауыр атлетикадан ұлттық құрамаға келіп жатқан жастар туралы да пікір білдірді.

"Бәрін спорт заңы шешеді. Жастарға кезек келсе әлемдік додаларға солар барып жатар. Мен ұтып жатсам онда мен барып қалармын. Əрине біліктілігім бар деп мені ешкім маңдайымнан сипамайды. Бірақ 22 жылдық тәжірибем бар екені жасырын емес. Маған қазір тек спортшы ретінде ғана емес, осы саланың менеджері ретінде де қарайды", - деді зілтемірші.

Ильин халықаралық ауыр атлетика федерациясы Қазақстанға тек екі жолдама беретіндігі туралы "қауесетке" тоқталып өтті.

"Иә расымен де допинг дауы шыққан соң, сондай "түсініксіз" жайттар болып жатыр. Бұл бағытта қазақстандық тарап белсенді жұмыс жасап жатыр. Жақын арада мәселе шешіліп, елімізге берілетін лицензия артады деген сенімдемін. Өзімнің шамама келер болсам, тек келесі жылы ғана бес сайыс болмақ. Сол додаларда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, қалай да да Олимпиадаға жолдама алуға тырысамын", - дейді спортшы.

Зілтемірші тілшілердің "Қазақстан құрамасымен неліктен бірлесе жаттығу жұмыстарын жасамайды?" деген сауалына да жауап берді.

"Мен Қазақстан құрамасының спортшысымын, еліміздің көк байрағының астында өнер көрсетемін. Алдағы уақытта әрине бірлесіп жаттығатын боламыз, бірақ қазір емес. Себебі заң бойынша менің әлі ел құрамасымен бірге жаттығатын құқығым жоқ және өзімнің де психолиялық тұрғыдағы тыныштығым үшін, әзірге осы шешім дұрыс деп санаймын.

Мен құрама басшылығына да осындай өтініш айтқан едім. Себебі психологиялық тұрғыда ұлттық құрамамен бірігіп дайындалуға әлі дайын емеспін.Оған әлі уақыт керек. Бірақ біздің жігіттерді сағынғанымды жасырмаймын. Десе де дәл қазір осылай болған дұрыс шығар", - деп сөзін қорытындылады спортшы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір