RU
Достарына еліктеген жігіт қалай мұсылман атанғанын білмей қалды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Достарына еліктеген жігіт қалай мұсылман атанғанын білмей қалды

Рассказать Вконтакте

Африка құрлығының батысында орналасқан Бенин мемлекетінің студенті Тибот Гбетолосси өзінің докторлық диссертациясын жазу үстінде ислам дінін қабылдаған деп хабарлайды muslim.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Islam-Today.ru

Көрнекі фото: Islam-Today.ru

Басылымның жазуынша, 2017 жылы Түркиядағы Анкара университетінде докторлық диссертациясын қорғауға келген жігіт алғаш өзінің мұсылман туысқандарымен бірге ауызашар дастарханына барып көрмек болады.

"Мен мұсылман емес болсам да ауызашарға қатыстым. Тіпті, достарыма еліктеп 14 күн ораза тұттым. Сол шақтан бастап Ислам дініне қызығушылығым ояна бастады", – деп еске алады Тибот.

"Ғылыми жетекшім Зехра Саричечек менің көптеген сұрақтарыма жауап қайтарып, менің мұсылман атануыма көп септігін тигізді", – дейді ол.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
1
1
17
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір