RU
Жәнібек Әлімханұлы атақты Мэнни Пакьяоның промоутерімен келісімшартқа отырды (фото)
Жаңалықтар Спорт

Жәнібек Әлімханұлы атақты Мэнни Пакьяоның промоутерімен келісімшартқа отырды (фото)

Рассказать Вконтакте

Кәсіпқой боксқа біржола бет бұрған Жәнібек Әлімханұлы (2-0, 1KO) әлемге әйгілі промоутер Боб Аруммен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды prosports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жәнібек Әлімханұлы

Жәнібек Әлімханұлы
Source: UGC

Бұл туралы боксшының баспасөз хатшысы Берік Сұлтан мәлімдеген.

"Сүйінші, ағайын! Жәнібек Әлімханұлы әйгілі Top Rank промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырды. Атақты Боб Арум енді Әлімханұлының промоутері", - деп жазды Берік Сұлтан.

Айта кетейік, Роберт "Боб" Арум — америкалық заңгер, промоутер және белгілі кәсіпкер. Top Rank Promotions промоутерлік компаниясының негізін қалаушы және иесі. Украиналық Василий Ломаченко және атақты Мэнни Пакьяоның промоутері.

Әрі The Ring нұсқасы бойынша 2017 жылдың үздік менеджері атанған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel