RU
Жамбыл облысында куәгерлер торнадоны видеоға түсіріп алды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Жамбыл облысында куәгерлер торнадоны видеоға түсіріп алды (видео)

Рассказать Вконтакте

Бүгін Instagram әлеуметтік желісінде торнадо түсіріліп алынған видео пайда болды. Видеоролик жарияланған желіде оқиға Тараздағы "Ауыл Береке" базарында болғаны жазылған, деп хабарлайды BNews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Видеоға қатысты пікір білдірген Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, күшті екпінмен соққан желдің салдарынан мұндай табиғи құбылыс болуы ықтимал.

"10 маусымда ауа райы болжамына сәйкес, батыс, солтүстік-батыстан екпіні 9-14 м/с жел соқты. Осындай екпінмен соққан желдің салдарынан мұндай табиғи құбылыс болуы ықтимал, сондай-ақ "Ауыл Береке" базары шөлді жерде орналасқан. Оның қауіпті емес екендігін айта кеткен жөн. Аталған құбылыстың салдарынан ешбір адам зардап шеккен жоқ", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Сіздің реакцияңыз
5
1
4
3
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel