RU
ОҚО-да көлікті иесімен бірге өртеп жіберген қаскөй 20 жылға сотталып кетті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

ОҚО-да көлікті иесімен бірге өртеп жіберген қаскөй 20 жылға сотталып кетті

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Қазақстан облысында көлікті иесімен бірге өртеп, бір отбасыны қан жылатқан азамат сотты болды. 28 жастағы Нарман Сүлейменов 20 жылға абақтыға жабылды. Мұндай шешім ОҚО Қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шығарылды деп хабарлады TVK арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

ОҚО-да көлікті иесімен бірге өртеп жіберген қаскөй 20 жылға сотталып кетті

ОҚО-да көлікті иесімен бірге өртеп жіберген қаскөй 20 жылға сотталып кетті
Source: UGC

Бұрын сотты болған Сүлейменов 2009 жылы тонау бабымен абақтыға жабылып, жазасын 2013 жылы өтеп шыққан. Алайда, соттылығы әлі күнге жойылмаған еді.

Ал бүгін кісі өлтіру, бөтеннің мүлкін жойып, қарақшылық жасағаны үшін айыпталып отыр. Оған осы баптармен 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталушы сотқа дейінгі тергеу барысында өз кінәсін толық мойындаған. Алайда сот процесі басталысымен-ақ өз жауабын өзгерте бастапты. Айтуынша, өзіне құқық қорғау қызметкерлерінен қысым көрсетілген. Сол себепті барлық кінәні өз мойнына алған. Сондықтан процес барысында екі рет сот медициналық сараптама тағайындалып, сотталушының сөзі расталмаған.

Ал жәбірленушінің туыстары судьяның тағайындаған жазасымен келіссе де, сотталушы кешірімге лайық емес деп санайды.

Қайғылы жағдай 2018 жылдың ақпан айында Түлкібас ауданында болған. Нақтырақ айтар болсақ, 5 ақпан күні айыпталушы Сүлейменов жәбірленушіге 5 миллион теңгеге жүк көлігін сатпақ болады.

Мұнан соң оны алдап соғып, өзінің көлігімен Рысқұлов ауылы Құлан өзенінің жанына апарып, сыбайласымен бірге қылқындырып өлтіреді. Қылмысын жасырмақ болған олар мәйітті көлікпен бірге өртеген. Алайда қылмыскердің бірі көп ұзамай қолға түскен болатын. Ал, сыбайласы әлі күнге іздестіріліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
1
1
2
0
3
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel