RU
Ақтөбеде тексерілуге келген науқас жас дәрігерге пышақ сұғып алған
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақтөбеде тексерілуге келген науқас жас дәрігерге пышақ сұғып алған

Рассказать Вконтакте

​Ақтөбеде медициналық тексеруден өтуге келген науқас дәрігерді пышақтап тастаған. 51 жастағы тұрғынға жас маманның неге жақпай қалғанын әзірге ешкім түсінбей отыр деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақтөбеде тексерілуге келген науқас жас дәрігерге пышақ сұғып алған

Зардап шеккен дәрігер Дмитрий Бабич. Скриншот: КТК

Қарны жарылған дәрігер ауруханада жатыр. Пышақтың ұшы абырой болғанда терең кірмепті.

26 жастағы Дмитрий Бабич бұл емханаға дәрігер болып былтыр ғана орналасқан.

Айтуынша, бүйрегі ауыратын тұрғын қолындағы пакетіне пышағын жасырып бөлмеге кіріпті. Кіре салысымен жас маманға тап беріп, суық қаруын қарнына сұғып алған.

Артынша, қолға түскен күдікті не себепті қылмысқа барғанын түсіндіріп бере алмады. Үстінен қылмыстық іс қозғалғанымен, қазір бостандықта. Өйткені, бүйрегінің ауруы асқынып ол да ауруханаға түскен.

"Көзі шатынап кеткен. Қасыма келді де ішіме пышақты сұғып алды. Өзім түсінбей қалдым. Сосын қарнымды ұстап сыртқа қаштым. Ал науқасты қасымдағы мейірбике бөлмеге қамап тастады. Енді өзім арыз жазбасам да, болған оқиғаға қатысты іс қозғалды ғой. Жазасын алатын шығар", - дейді зардап шеккен дәрігер Дмитрий Бабич.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
2
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір