RU
Алматы облысына адреналин іздеп келген ресейлік турист ажал құшты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматы облысына адреналин іздеп келген ресейлік турист ажал құшты

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында өзенде рафтингпен жүзіп өтпек болған ресейлік турист суға тұншығып өлді. Қатты ағыспен келе жатқан азаматтың қайығы аударылып, өзі ізім-қайым кетіпті. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Алматы облысына адреналин іздеп келген ресейлік турист ажал құшты

Алматы облысына адреналин іздеп келген ресейлік турист ажал құшты
Source: UGC

Онымен бірге демалуға келген тағы 7 ресейлік жоғалған жерлестерін түні бойы іздеп, ақыры мәйітін тапқан.

Сөйтсе, ағысы қатты өзенде басы оңбай тасқа ұрылыпты. Салдарынан есінен танған турист суға батып, мерт болған.

Негізі Ресейден Аспан шатқалына 8 турист демалуға келіпті. Бәрі де рафтингшілер. Айтуларына қарағанда, бұл таулы аймақ оларға жақсы таныс. Жылда осы айда болатын өзеннің қатты ағысын әдейі іздеп келген.

Қолдарында қорықшылардың берген рұқсат қағазы да бар. Бірақ, өкінішке орай, қайықтардың бірі ағысқа шыдас бермей, аударылып кеткен. Адреналин қуып, ажал құшқан марқұмның денесін құтқарушылар таудың арасынан көтеріп алып шықты. Ал ағыста жаны аман қалған жеті турист бүгін-ертең елдеріне қайтады.

Сіздің реакцияңыз
3
2
0
3
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel