RU
Ақмолалық мұғалім оқушыларды құтқарам деп оңбай күйіп қалды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақмолалық мұғалім оқушыларды құтқарам деп оңбай күйіп қалды

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысында мектеп мұғалімі қайнап тұрған битумға күйіп қалды. Тарих пәнінің оқытушысы Ринат Шарафутдиновты Зеленый бор мектеп гимназиясының директоры басқа мұғалімдермен бірге шатыр жөндеуге жұмсаған деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақмола облысында

Скриншот: КТК арнасы

Қатты желде ғимарат төбесіне шығып, жерден қайнаған смола құйылған шелекті ала бергенде ұстаз құлап кеткен. Құлап бара жатып, сол жерде ойнап жүрген балаларды құтқару үшін ол битумды өзіне қарай шашыпты.

Мектептің жанына бөшке қойып, битум қайнатқан күні де дәл осындай жел болған. Бірақ мектеп басшылығы төбені мұғалімдерге тезірек жөндетіп алғысы келіпті. Тарих пәнінің оқытушысы қара май қайнап тұрған шелектен аяғына ыстық тамшы тамып, содан жасқанып сүрініп кеткен.

Жан дауысы шыққан жігіт денені күйдіре жабысқан смоладан құтыла алмай айғайға басады. Сөйтіп, Бурабай аудандық ауруханасының жан сақтау бөлімінен бір-ақ шығыпты.

Жас ұстаздың ата-анасы алдағы Ұлттық тестілеуге оқушыларын әзірлеп жүрген мұғалімді директордың шатыр жөндеуге қалай жібергенін түсінбейді. Оның үстіне қазір бастауыш сынып оқушылары сол жердегі ғимаратта жазғы еңбек лагеріне барып жүр.

"Ол қайнаған битумы бар шелекті соңына дейін қолынан шығармаған. Өзін емес, өзгелерді ойлапты. Сонда мектеп басшылығы не ойлаған?. Дала жел, ондай жұмыстарды мамандары істемей ме? Енді міне, баламның денсаулығы не болады? Бетінде ойықтар қалса ше. Жас жігіт қой", - дейді зардап шегушінің әкесі Ғали Шарафутдинов.
"Қатты желде шатыр жабындылары ашылып, жаңбырда төбеден су сорғалады. Ұстаздардан жөндеуге көмектесуін сұрап едім, келісті. Жоғары жақтан түскен тапсырма емес. Менің кінәм бар. Барлық шығынын өтеуге әзірмін", - дейді Зеленобор мектеп-гимназиясының директоры Кенжетай Бейсенбаева.

Қазіргі таңда есін жиған Ринат облыстық ауруханаға ауыстырылды. Дәрігерлер оның беті бері қарағанын айтады. Дегенмен, жабысқан ыстық қара майды күйген терісімен бірге жұлып алып тастау науқасқа ауыр тиген. Ата-анасы болса, балалары аяғына тік тұрмайынша, мектеп директорына қарсы шағымдану мәселесін қоя тұрмақ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
8
2
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір