RU
Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде шаңды дауыл тұрады
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде шаңды дауыл тұрады

Рассказать Вконтакте

Бүгін Қазақстанның көптеген аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбырмен бірге найзағай болса, кей жерлерде жел күшейіп, дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін. Ал оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі деп хабарлайды РМК Қазгидрометке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: kazhydromet.kz

Фото: kazhydromet.kz

Оңтүстік Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде шаңды дауыл, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, дауыл, тұман болып, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ болуы ықтимал. Ақмола облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман, күндіз дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін. Жамбыл облысының кей жерлерінде дауыл, жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда облысында күндіз жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысында найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel