RU
Былтыр елімізде үш мыңға жуық жасөспірім қыз жүкті болып қалған
Жаңалықтар Қоғам

Былтыр елімізде үш мыңға жуық жасөспірім қыз жүкті болып қалған

Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрлігінің Азаттыққа берген ақпаратына сәйкес, 2017 жылы Қазақстанда 2947 қыз 17 жасқа дейін жүкті болған. Олардың 20-сының 15 жасқа дейін аяғы ауырлап қалса, 19-ы түсік жасатқан деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: dni.ru

Көрнекі фото: dni.ru

Министрліктің мәліметінше, былтыр ресми органдар 15-18 жас аралығындағы қыздар арасында 1 305 түсік тіркесе, "2016 жылы бұл көрсеткіш 1 434" болған.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, 2017 жылғы жасөспірімдер арасындағы жүктілік көбіне Оңтүстік Қазақстан облысы (545), Алматы облысы (381), Жамбыл облысы (263), Қарағанды облысы (212) мен Шығыс Қазақстан облысында (190) тіркелген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
2
0
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір