RU
Анасын балағаттап тұрғанына шыдамаған әйел туған бауырын өлтіріп тастады
Жаңалықтар Қоғам

Анасын балағаттап тұрғанына шыдамаған әйел туған бауырын өлтіріп тастады

Рассказать Вконтакте

Башқұртстан Респуликасының прокуратурасы туған бауырын пышақтап өлтірген әйелге қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Life.ru сайтына сілтеме жасаған порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: rep.ru

Көрнекі фото: rep.ru

Белгілі болғандай, аталмыш қылмыс 2018 жылдың наурыз айында орын алған. Осыған дейін егде жастағы ерлі-зайыптылар баласының бұзақы әрекеттеріне бірнеше рет шағымданған екен. Әлгі жігіт еш жерде жұмыс істемей, ата-анасының зейнетақысын тартып алып отырған.

Наурыз айында қарт ата-ананың үйіне алыстағы қызы қыдырып келеді. Ал сотқар баласы бұрынғы әдетіне басып, зейнеткерлермен жанжалдасып қалған. Ол үйде қалған жалғыз үйректі сатып, оны араққа айырбастаған көрінеді.

Бұзық жігіттің әпкесі онымен сөйлесіп, ойын өзгерткісі келгенімен, әңгіме соңы дауға ұласады. Азамат шай үстелін төңкеріп жіберген соң, әйел оның көкірек тұсына пышақ сұғып алған. Осылайша, ер адам алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

Сот бауырын қасақана өлтірген әйелді бес жылға бас бостандығынан айырды. Алайда оның балалары әлі кішкентай болғандықтан, 14 жасқа толғанша жазасын өтеу мерзімі кейінгі қалдырылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
6
2
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel