RU
Одан да етіңді же: Армян спортшысы Қуат "Найманға" ескерту жасады
Жаңалықтар Қоғам

Одан да етіңді же: Армян спортшысы Қуат "Найманға" ескерту жасады

Рассказать Вконтакте

Ережесіз жекпе-жек спортшысы Давид Хачатрян қазақстандық Қуат "Найманға" ескерту жасады. Армяндық ер азамат өз әріптесіне тіліне ие болуын ескерткен деп хабарлайды NUR.KZ.

"Найман" лақап атымен аса танымал отандық спортшы жақын арада өткен Хачатрян мен Питер Куилли арасындағы жұдырықтасуға қатысты өз пікірін білдірген болатын. Ол өзінің Instagram парақшасына орын алған жекпе-жекке қатысты ойын жазған.

Айта кету керек, қазақстандық ер азамат ирландиялық спортшымен өткен жылдың қараша айында кездесті. Жекпе-жек төрешілер шешімімен Қуат "Найманның" үлесіе тиесілі болғанымен, желтоқсанда жұдырықтасу нәтижесі тең есепке өзгертілген.

"Куилли нағыз жыртқыш аң секілді. Мен оның міндетті түрде жеңетінін білгенмін, айтқанмын да", - деп жазды "Найман" өзінің Instagram парақшасына.

Әріптесінің бұл жазбасына ызаланған Хачатрян оған жауап берді.

"Мында отырып бос сөз сөйлегенше одан да барып етіңді же" , - деп кесіп айтты ол.

Сіздің реакцияңыз
4
0
1
0
0
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel