RU
Өз итіне таланған әйел екі аяғынан айырылып қалды
Жаңалықтар Әлемде

Өз итіне таланған әйел екі аяғынан айырылып қалды

Рассказать Вконтакте

Украинадағы Киев облысына қарасты Ирпень қаласының тұрғыны ойда жоқта өзінің итіне таланды. Жексенбі күні кешкі серуен кезінде стаффорширлік терьер өз иесіне шаба жөнеліп, оның қолын тістеп тастаған деп хабарлайды bigmir.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото желіден алынды

Фото желіден алынды

Итті тек қана оқиға орнына келіп жеткен аранайы мамандар ғана тоқтата алған.

"Қайғылы жағдай Ирпень қаласындағы жер үйлер шоғырланған ауданда орын алды. Кешкі серуен кезінде итімен келе жатқан әйел ойда жоқта өз төбетіне таланды. Стоффорширлік терьер аяқ асты ашуға бой алдырып, өз иесін аяусыз тістеп тастаған. Полицейлер мен арнайы мамандап келіп жеткенше көршілер ызалы итті бөлмеге қамап қойды" , - деп жазылған полиция бөлімінің мәлімдемесінде.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, итті тыныштандыру үшін арнайы мамандар шақыртылған. Нәтижесінде төбетке ұйықтататын екпе салынып, ветеринарлық ауруханаға апарды.

Өз итіне қатты таланып ауыр жарақаттар алған әйел екі аяғынан да айырылған. Дәрігерлердің оның аяқтарын кесіп тастаудан басқа амалдары да болмады.

Полиция жағдайды оқыс оқиға ретінде ғана тіркеді. Алайда қылмыстық іс әлі қозғалмаған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
7
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel