RU
Қарағандыда балабақша иесі ата-аналардан 30 млн қарыз алып, қашып кеткен
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандыда балабақша иесі ата-аналардан 30 млн қарыз алып, қашып кеткен

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда жеке меншік балабақшаның иесі ата-аналардан 30 миллион қарыз алып, қайтармай қойған. Айлакер әйел н қарыз сұрағанда "балаңды балабақшамен тегін қамтамасыз етемін" деп алдапты. Бұл туралы Евразия арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: aif.ru

Көрнекі фото: aif.ru

Енді зардап шегушілер балабақша иесіy жауапкершіліктен құтылып кете ме деп қорқып отыр. Себебі оның жоғары билікте танысы мен қалтасында қаражаты жетерлік дейді. Қарызға белшесінен батқан әйел қазір тергеуде болса да, тағы бір балабақша ашып үлгеріпті.

"Оған қарыз бергенде баламыз алты жасқа дейін балабақшаға тегін барады және бар ақшаны үш ай ішінде қайтарып береді деген шартпен берді. Бірақ ол мерзім өтсе де қарыз төленбеді. Басшының бірнеше балабақшасы банкротқа ұшырап, жабылып қалды деп естідік" дейді ата-аналардың бірі.

Ал қалалық білім бөліміндегілер жауапкершілігі шектеулі серіктестік директорымен ешқандай келісімшарт жасамағанын айтып отыр. Қазір алаяқ әйелге қатысты 22 қылмыстық іс қозғалған. Оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде дейді Қарағанды облыстық ІІД қызметкерлері.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel