RU
Танымал отандық актриса Астанада есірткімен ұсталды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Танымал отандық актриса Астанада есірткімен ұсталды

Рассказать Вконтакте

Танымал актриса, модель, халықаралық байқаудың жеңімпазы Әсемгүл Ибраевадан 4 грамм гашиш табылды. Отандық актриса 3 наурыз күні Астанадағы Назарбаев әуежайында есірткімен ұсталған деп хабарлайды "Время" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әсемгүл Ибраева. Фото: Жетінші арна

Әсемгүл Ибраева. Фото: Жетінші арна

Құзырлы органдардың мәліметінше, Әсемгүлдің сөмкесінен аталмыш есірткіні шегетін арнайы құрылғы да табылған.

Әсемгүл ол заттарды демалыс паркінен тауып алғанын айта келе, өз ісін толық мойындады. Сонымен қатар бас бостандығынан айырмауды өтінді.

Актриса сот төрағасынан өзінің кінәсін толық түсіну үшін, қоғамдық жұмысқа тартуды сұрады.

Айта кетейік, Есіл ауданының сот төрағасы Әзизбек Мұсайбеков бойжеткеннің шын ниетімен кешірім сұрағанын қабыл алып, оны 100 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартты.

Енді Әсемгүл Астанадағы көшелерді тазалайтын болады.

Ескерту! "Время" басылымының рұқсатынсыз мақаланы көшіріп, басуға болмайды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
12
6
6
2
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel