RU
Бір бөлмеде 9 баласымен тұрып жатқан әкенің халі елдің жүрегін ауыртты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Бір бөлмеде 9 баласымен тұрып жатқан әкенің халі елдің жүрегін ауыртты (фото)

Рассказать Вконтакте

Қызылорда облысының Тасбөгет кентінің тұрғыны Алдаберген Қалқымов 9 баласын жалғыз асырап жүр. Жасы 50-ге келмеген азаматтың әйелі өткен жылы қаза тауыпты. Ал 9 баланың бесеуі әлі кәмелет жасына толмаған деп хабарлайды "Астана" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алдаберген Қалқымов. Фото: "Астана" арнасы

Алдаберген Қалқымов. Фото: "Астана" арнасы

Алдабергеннің бір бөлмелі пәтері де уақытында рәсімделмеген соң, апатты жағдайда қалған екен.

"Бір бөлме ғой. Бәріміз қыстырылысып, жатамыз енді. Кейде ағайындардың үйіне кетіп қаламыз. Айтып отыр ғой, ағам. Дария жағалап кетесің, үйге сыймағандықтан. Қыз бала бар, бәріміз, ыңғайсыз ғой, болмайды ғой", - деді Алдаберген.

Өткен жылы әйелі бақилық болған азамат балаларымен бірге алақандай бөлмені жиырма жылдай паналап келген. Қызы да, ұлы да, әке мен шеше де барлығы бір бөлмеде. Десе де балаларын ешкімге жалтақтатпай, біреуден нан, біреуден су сұрап, қаңғытып жібермеген. Өз тіршіліктерін жасап, күн көрген. Шаңырағын 18 жасында көтерген отағасы оқып та үлгермеген. Несібесін шопырлықтан көріп келіпті. Кезінде Арал жақта балықшы болған Алдаберген 90-жылдардың соңында Қызылордаға іргелес орналасқан Тасбөгет кентіне қоныс аударған.

Жалғызбасты әке осыдан 20 жылдай уақыт бұрын Аралдан көшіп келіп, осы үйді жөндеп кіріп алыпты. Алайда оны өз атына рәсімдеуді ешқашан ойламаған. Ал "Тұрғындар көшіріледі" деген сыбыс шыққанда үйді өз атына аудару үшін бір әйелге 200 мың теңге берген.Бірақ, ол әйел ақшаны алғаннан соң із-түзсіз тайып тұрған.

Ал Алдаберген Қалқымов әйелі қайтыс болғанға дейін Құмкөлде жұмыс істеген. Алайда балаларға қарайласатын ешкім болмай, жұмыстан да шығып қалыпты.

Алдаберген Қалқымов. Фото: "Астана" арнасы

Алдаберген Қалқымов. Фото: "Астана" арнасы

"Келіншегім тірі кезде вахтовый жұмыс істейтін едім ғой. Құмкөлде істедім. Басқа жерде істедім. Енді қазір келіншегім кеткеннен кейін, балдарға қарап отырмын. Жұмысқа шыға алмаймын. Балалардың 45-50 мың пенсиясы бар алатын, сонымен күнелтіп отырмыз. Бірақ ешкімнен нан сұрап отқан жоқпыз. Бір ай болсын, екі ай болсын жұмыс істеймін ба деген ойым да бар енді. Бір пенсияға қарап отырған ол не болады? Ертең қыркүйекте сабаққа бару керек", - деді жан сырымен бөліскен азамат.

Айта кетейік, жалғызбасты әкенің әйелі үй кезегіне 2007 жылы 172-ші болып тіркеліп кеткен екен.

"Астана" арнасының тілшілері Тасбөгет әкімі Пахуатдин Шамұратовтан сұхбат алмақ болғанымен, әкім жауап бермеген. Ол тілшілерден арнайы қағаз жіберуін талап етіпті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
3
3
25
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір