RU
Белгісіз дерттің кесірінен 21 жастағы жігіт адам танымастай өзгеріп кетті (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Белгісіз дерттің кесірінен 21 жастағы жігіт адам танымастай өзгеріп кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

21 жастағы Үндістан тұрғыны Аншу Кумар белгісіз дерттің кесірінен құбыжыққа ұқсап қалған. Бұл туралы Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Аншу дүние есігін ашқаннан осы аурумен туылған. Соның салдарынан жігіттің бас пішіні өзгеріп, түр-әлпеті де келіссіз болып қалыпты. Енді оның дерті дендеп, аяғына тік тұра алмай жатыр екен.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Жас жігіт қатарластарының "өзге планеталық, құбыжық" деп мазақтайтынына ашуланады.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Жергілікті дәрігерлер Аншудың нақты қандай аурумен ауыратынын таба алмай отыр. Ал оның басқа жерлерге барып тексерілуге ақшасы жоқ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Ер жетіп қалған азамат ауруынан айығып, отбасын құруды армандайды.

Батыс ғалымдарының айтуынша, Аншу сирек кездесетін Якобсен синдромына шалдыққан болуы мүмкін. Бұл тұқым қуалайтын ауру болғандықтан, жігіттің толық емделіп кетуі екіталай. Алайда ота арқылы кей белгілерімен күресуге болады деп отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
7
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel