RU
Өзбекстанда енді милиция қызметкерлеріне көше сыпыртып қойды
Жаңалықтар Әлемде

Өзбекстанда енді милиция қызметкерлеріне көше сыпыртып қойды

Рассказать Вконтакте

Ташкент қаласы Шайхантахур ауданының милиция қызметкерлері бір айдан бері көше сыпырып жүргендерін айтып, шағымданады Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ozodlik.org

Фото: ozodlik.org

Басылымының жазуынша, Азаттықтың өзбек қызметіне хабарласып шағымданған Шайхантахур ауданы ішкі істер бөлімшесінің қызметкері бір айдан бері Өзбекстан астанасының "Обиназир" ауданын тазалап жүрміз дейді.

Оның айтуынша, көше сыпыру жұмысына тек жастары 40-тан асқан милиция қызметкерлерін мәжбүрлемейді екен.

"Әр ауысымдағы 30 адамның 10 көше сыпыру жұмысына тартылады. Ол үшін біз азаматтық формада киім киеміз. Көшедегі қурап кеткен шөптерді, ағаштарды жұламыз. Кімге шағымданарымызды білмейміз, көмектесіңіздерші", - дейді аты-жөнін жария етпеуін сұраған милиция қызметкері.

Оның сөзінше, олар үйлеріне бармай 34-35 сағаттан жұмыс істейді, араларында ауыз бекітіп, ораза ұстап жүргендер де бар екен.

Ташкент қаласы ішкі істер басқармасының ақпарат және мультимедия орталығының басшысы Бахтияр Иногомов бұл істі зерттейтінін мәлімдеді.

Өзбекстан үкіметінің 2018 жыл 10 мамырдағы қаулысына сәйкес, азаматтарды мәжбүрлі жұмысқа жегуге тыйым салынған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
1
1
16
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel