RU
Өскеменде телефонын бұғаттап тастаған 17 жастағы бозбала із-түссіз жоғалып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Өскеменде телефонын бұғаттап тастаған 17 жастағы бозбала із-түссіз жоғалып кетті

Рассказать Вконтакте

Өскеменде үш күн бұрын жоғалып кеткен 17 жастағы Ерзат Ғазезовты туғандары іздеп жатыр деп хабарлайды YK-news.kz сілтеме жасаған NUR.KZ.

Туыстары берген сурет: yk-news.kz

Туыстары берген сурет: yk-news.kz

"Тоғызыншы маусым күні "Ивушка" дүкенінің маңындағы асханада Ерзат ата-анасымен бірге түскі ас ішкен. Кейін белгісіз бағытта кетіп қалды. Одан кейін біз оны көрмедік", - дейді Ерзаттың әпкесі.

Оның айтуынша, бозбала үйде телефоны мен сөмкесін қалдырып, өзімен бірге тек жеке куәлігін алып кеткен.

"Ерзаттың достары оның Семейге кеткісі келіп жүргенін айтады. Кейін білгеніміздей, ол Семей жаққа көп барған, бірақ біз ол туралы білмедік", - дейді Перизат.

Жігіттің туыстары оны өздері іздемек болған, алайда әлі таппаған.

"Ол телефонын бұғаттап кетті. Тек кешке таман ғана біз оны аша алдық. Бірақ ішінде ешқандай ақпарат таба алмадық. Ол бәрін өшіріп кетіпті. Бүгін полицейлерге өтініш жазамыз", - дейді әпкесі.

Перизаттың айтуынша, Ерзат жоғалып кеткен күні қара джинсы мен жейде киіп, қара кроссовкада, қара күртешеде болған. Бойы - шамамен 160 см, оң аяғына ақсаңдап басады.

Ерзатты білген-көрген адамдар бар болса, оның туыстары мына телефон номерлеріне хабарласуларын сұрайды:8-777-790-84-34 (Перизат).

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
2
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel