RU
Жұмысына бара жатқан алматылық жігіт жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан
Жаңалықтар Қоғам

Жұмысына бара жатқан алматылық жігіт жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан

Рассказать Вконтакте

Алматыда жас жігітті болжам бойынша көлік қағып кеткен. Жапа шеккен жігітті көлігіне отырғызып алған жүргізуші ізін суыту үшін бірнеше көшеден кейін оны арықтардың біріне лақтырып жіберген. Осы іс бойынша Алматы қаласының полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр деп хабарлайды Zakon.kz сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: ubb.org.ua

Көрнекі фото: ubb.org.ua

"Куәгерлер керек! Сегізінші маусым күні Төле би мен Байзақ көшелерінің қиылысында шамамен сағат 9.00 мен 10.00 аралығында бағдаршам маңында көлік жүргізушісі 20 жастағы жігітті қағып кеткен. Кейін көлігіне отырғызып алып, Төле би мен Мұратбаев көшелерінің қиылысындағы арыққа тастап кеткен. Оны жарты сағат өткесін тауып алған. Көліктің маркасы мен мемлекеттік номері анықталмады. Жігіттің жағдайы өте ауыр. Осы оқиғаға куә болған адамдарды мына телефон номеріне хабарласуларын сұраймыз: 8 707 267 76 10 Марина", - делінген әлеуметтік желідегі жазбада.

Жапа шеккен азаматтың анасының айтуынша, ол жұмысқа бара жатқанында көлік қағып кеткен.

"Күні бойы жансақтау бөлімінде, комада болды. Қазір палатаға ауыстырды. Жағдайы нашар. Беті-аузы соғылған, тістері сынған, мұрны, жағы. Жабық бас сүйек жарақаты бар", - деді анасы. Ол адамдардың осындай айуандыққа баратынына аң-таң.

Алматы ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, осы іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
3
7
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel