Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Намаз оқымайтын адам кәпір ме?

Опубликовано:

Намаз оқымаған адам кәпірге саналады ма? Намаздың парыз екенін біле тұра сәждеге бас имеген адамдардың бұл ісі күнә болып есептеледі ме? Бұл жайында ummet.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Намаз. Фото: Алматы-ақшамы
Намаз. Фото: Алматы-ақшамы: UGC

Бес уақыт намаз балиғат жасына жеткен, ақыл-есі бүтін барлық мұсылманға парыз. Оның парыздығы Құран, сүннет және ижмағ дәлелдерімен анықталған. Құранның көптеген аяттарында: "Намаз оқыңдар және зекет беріңдер" – деп намаздың өте маңызды парыз екендігі білдірілген.

Ал, сұрақтағы намаз оқымайтын адамның үкіміне келер болсақ, мұны екіге бөліп қарау керек. Кімде-кім намаздың парыздығын біле тұра мойындамаса, діннен шығады. Өйткені намаз айқын аят, хадис және ижмағ дәлелдерімен анықталған. Ал, жалқаулық, немқұрайлылық себебімен намазды тастаған жан күнәһар болады. Бірақ кәпір емес.

Алла елшісі (с.ғ.с.): "Кімде-кім бауырына: "Ей, Кәпір" десе, егер ол адам шынымен кәпір болмаса, онда айтқан адамның өзі кәпір болады" – деп ескерткен. Дінімізде намаз оқымаған адам бірден кәпір болады, сөзсіз тозаққа барады деп кесіп айтқан үкім жоқ. Әрине, намазға салғырт қарап, жалқауланып тәрк ету кісіні тозаққа лайық ететін ауыр күнә. Алайда ондай адамға жазасын беріп азаптайтын да, күнәсін кешіріп басқаша үкім беру де Алланың құзырындағы іс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1736799-namaz-okymajtyn-adam-kpir-me/

pixel