Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Май өнивөрс": Отандық хитменнің елді шулатқан әні бір млн қаралым жинады

Опубликовано:

Қайрат Нұртастың інісі Заңғармен бірігіп айтқан ағылшынша әні қоғамда қызу пікірталас тудырған болатын. Алайда көптің келеке қылғанына қарамастан әншінің жаңа туындысы бір миллион қаралым жинап үлгерген деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл қуанышымен әнші Instagram парақшасы арқылы бөлісті.

"Бір миллион қаралым. Трендте бірінші орында тұрмыз. Хайп болса, xайп болсын. Еш жеріміз майып болмаса болды. "Май өнивөрс", - деп жазып қойды әнші.

Айта кетейік, желі қолданушылары "КН сыйлаймын, бірақ ағылшын тілімен аздап жұмыс істеу керек еді", "Түсінбеймін егер тіл білмесе, ағылшынша өлең айтудың не қажеті бар?", "Қайрат аға орысша да, ағылшынша да білмейді. Одан да қазақша айтып жүре берсиш" деп жазған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1736807-maj-nivrs-otandyk-hitmenni-eldi-sulatkan-ni-bir-mln-karalym-zinady/

pixel