RU
Қостанайда 28 мың теңге үшін бес жылға сотталған зейнеткер босап шықты
Жаңалықтар Қоғам

Қостанайда 28 мың теңге үшін бес жылға сотталған зейнеткер босап шықты

Рассказать Вконтакте

Танымал қазақстандық қорғаушы Джохар Утебеков өзінің Facebook -тағы парақшасында жағымды жаңалығымен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: kokshetau.asia

Фото: kokshetau.asia

"Қостанай облыстық сотында менің қорғауымдағы Леонованы жартылай ақтап, абақтыдан босатты. Вера Васильевна қуаныштан көз жасын тыя алмай жатыр. Үйіне жетті. Абақтыға тек киімдерін алып кетуге келеді .Ол - қарапайым зейнеткер. Қаңтар айында сот оны 28 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін бес жарым жылға соттаған болатын. Соттың анықтауынша, ол ақша бастығына арналған болатын", - деп жазды қорғаушы.

Оның айтуынша, жыл басында Астана әкімінің орынбасары Султанбеков 1,1 млрд теңге көлемінде пара алып, құр айыппұлмен құтылып кетіп жатқанында, ол осы екі жағдайды салыстырған. Әділетсіздікке жол бермеген.

"Facebook-та қолдаған баршаңа рақмет айтамын. Бұл - біздің ортақ жеңісіміз. КТК-дағы сюжет үшін Алексей Рыбловқа рақмет. Бүгін Вера Васильевна ақталды. Мүлігі тәркіленбейді. Мен сондай бақыттымын!" , - деп жазды қуаныштан қорғаушы.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
2
0
11
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel