RU
Шымкентте жантүршігерлік жол апатында адам денелері бөлініп қалған
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Шымкентте жантүршігерлік жол апатында адам денелері бөлініп қалған

Рассказать Вконтакте

Шымкентте жантүршігерлік жол көлік оқиғасы орын алды. Самара-Шымкент тас жолының 2252 шақырымында ВАЗ 21014 жеңіл автокөлігі аса жоғары жылдамдықпен темір қоршауға соғысқан деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Шымкентте жантүршігерлік жол апатында адам денелері бөлініп қалған

Шымкентте жантүршігерлік жол апатында адам денелері бөлініп қалған

Көлік тізгініндегі жүргізуші мен алдыңғы орындықта отырған жолаушы оқиға орнында қаза болған.

Соққының күші жойқын болғаны соншалық, көліктің ғана емес, адамның да дене мүшелері бөлшектеліп қалыпты.

Тағы бір жолаушы шұғыл түрде ауыр халде жедел жəрдем ауруханасына жеткізілген. Оқиға орнына келіп жеткен жол патрульді полициясы жантүршігерлік жол көлік оқиғасының себеп-салдарын анықтап жатыр.
Шымкентте жантүршігерлік жол апатында адам денелері бөлініп қалған

Шымкентте жантүршігерлік жол апатында адам денелері бөлініп қалған

Самара-Шымкент тас жолының төрт жолағы да автокөліктің сынықтарына толып кеткен.

Қайғылы оқиға орын алған жерді тиісті мекемелер қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.

"1991 жылы туған науқас ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Бас ми жарақаты анықталды. Нейрохирургия бөліміне орналастырылды. Науқастың қазіргі ахуалы орташа деп есептейміз", - дейді Шымкент қалалық жедел жəрдем ауруханасының дəрігері Сəбит Байбосынов.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
9
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір