RU
"Лекцияда отырғаны үшін төлеймін": Астаналық студенттердің жазбасы елді шошытты
Жаңалықтар Қоғам

"Лекцияда отырғаны үшін төлеймін": Астаналық студенттердің жазбасы елді шошытты

Рассказать Вконтакте

Астаналық жоғары оқу орындарының біріндегі студенттер жалған адамдарға өздерінің орнына сабаққа қатысып бергені үшін төлеуге дайын отыр деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Вконтакте

Фото: Вконтакте
Source: UGC

Анонимді желі қолданушылары әлеуметтік желідегі топтамаларда хабарландырулар салған. Онда студенттер пәннің атауын, уақыты мен күнін айтып, белгілі бір қаражатқа өздерінің орнына сабаққа қатысып беруін сұрайды.

Ұсынысқа келіскен студенттер "+" қойып яки "лүпіл" басады.

Фото: ВКонтакте

Фото: ВКонтакте
Source: UGC

"ВКонтакте-де ашық топтама бар. Оның ішінде түрлі жазбаларды кездестіресіз. Ұсыныс тастайтындар - сабаққа қатыса алмайтындар, "+" қойғандар - ұсынысты қабыл алғандар. Олар, әрине, ақша үшін қатысады. Мүмкін олардың сабаққа қатысуға уақыттары жоқ шығар", - дейді студенттердің бірі.
Фото: ВКонтакте

Фото: ВКонтакте
Source: UGC

Жазбаларға қарасақ, бір сабаққа қатысып, отырып беру - 500 теңге. Алайда кейбіреулері ондай адамдарды бір күн яки бір аптаға жалдайды.

"Мұндай жазбалар өте көп жарияланады. Екі күн үшін "отырып беру" - 2000 теңге, бір аптаға, шамамен, 10 мың теңге көлемінде. Бөлек ақшаға конспектіні де сатып алуға болады. Студенттердің санында шек жоқ. Біреу сабақтарда ұйықтап отырады, кейде "мүлдем қатысы жоқ" адамдар да келеді", - дейді бойжеткен.
Фото: ВКонтакте

Фото: ВКонтакте
Source: UGC

Қызықты жаңалығыңыз бола, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
10
2
0
1
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel