RU
Шымкенттік балмұздақтан тағы да қауіпті инфекция табылды
Жаңалықтар Қоғам

Шымкенттік балмұздақтан тағы да қауіпті инфекция табылды

Рассказать Вконтакте

Шымкентте тағы да балмұздақтан стафилококк инфекциясы шықты. Мұны естіп жағаларын ұстаған тұрғындар балмұздақ сататын нысанды дереу жауып тастауды талап еткен деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Шымкентте

Көрнекі сурет

Үшінші мегаполис атанған қаланың Нұрсəт шағынауданында орналасқан құймалы балмұздақ сататын дүңгіршектің өнімдерінен ішек таяқшалары бар бактериялар жəне стафилококк инфекциясы анықталған.

Қаратау аудандық қоғамдық денсаулық қорғау басқармасы мамандары Нұрсəттегі "Болашақ" ЖШС-не тиесілі құймалы балмұздақ сататын дүңгіршектің "Ванильное" жəне "Шоколадное" екі балмұздақ түрін алып, ДСМ ҚДСҚ "Ұлттық сараптама орталығына" жеткізген. Сараптамалар нəтижесінде балмұздақ өнімдерінде жұқпалы инфекцияның бары анықталған.

Балмұздақ сатушы нысанның иелері бұл мəліметті жоққа шығарып отыр. Тіпті олар қарсы құзырлы мемлекеттік мекмелердің үстінен шағымданбақ ниеттерінің бар екендігін айтады.

"Бес жылдан бері "Оңтүстік балмұздақ" атты брендпен жұмыс істеп келеміз. Он адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Мемлекеттік құзырлы мекемелерде тіркеуден өтіп ресми жұмыс бастағанбыз. Барлық төлемдерді де уақытылы төлеп келеміз. Керісінше, біз Қаратау аудандық СЭС тарапынан тексеруге жиі ұшыраймыз. Жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді", - дейді жұқпалы дерт инфекциясы табылды делінген дүңгіршек иесі.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
4
3
2
0
1
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір