RU
Орысша сұраққа қазақша жауап берген Мөлдір Әуелбекова елді сүйсінтті
Жаңалықтар Қоғам

Орысша сұраққа қазақша жауап берген Мөлдір Әуелбекова елді сүйсінтті

Рассказать Вконтакте

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мөлдір Әуелбекова орысша қойылған сұраққа қазақ тілінде жауап беріп, көптің ыстық ықыласына бөленді. Желі қолданушылары әншінің аталмыш әрекетін "нағыз қазақ қызына тән қасиет" деп жатыр. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Фото ашық дереккөзден алынды

Фото ашық дереккөзден алынды
Source: UGC

Эстрада жұлдызының орыс тіліндегі сауалға "қазақша жауап беремін" деген видеосы Instagram желісінде тарап кеткен. Онда Әуелбекованың тілшінің орысша сұрағына "Мен қазақша сұхбат беремін" деген жауабын анық естуге болады.

Көпшілік оның осы әрекетіне сүйсініп "Жарайсың Мөлдір", "Нағыз қазақтың қызы" деген пікірлерін жаудырып жатыр.

Десе де әншінің бұл "қылығын" жақтыртпағандар да табылып жатты. Олардың бірі "өзге тілді білудің еш ұяттығы жоқ" десе, енді бірі "жалған патриот болмаңыз" деген.

Сіздің реакцияңыз
9
2
5
6
1
108
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel