RU
Таразда вокзал басшысы өзінің орынбасарымен жаға жыртысты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Таразда вокзал басшысы өзінің орынбасарымен жаға жыртысты (видео)

Рассказать Вконтакте

Тараздың темір жол вокзалындағы бейнебақылау камерасына возкал басшысының орынбасарымен төбелесіп жатқан сәті түсіп қалды. Аталмыш видео NUR.KZ порталының редакциясына жолданған.

Төбелес. Видеодан скриншот

Төбелес. Видеодан скриншот
Source: UGC

Видеодағы мәліметке сәйкес, оқыс жағдай 22 мамыр күні болған.

Кадрда бірнеше адам дәлізде тұрғаны байқалады. Есік ашылып, ол жерден бір адамның соңынан екінші біреу жүгіріп шығады.

Сұр костюм киген азамат қарсыласын еденге жығып, төбелес басталған. Нәтижесінде ролик қаһармандарын оқиға куәгерлері тоқтатады.

Tengrinews.kz агенттігінің хабарлауынша, Жамбыл учаскесінің вокзал басшысы Талғат Түлебеков пен оның орынбасары Садығұловтың арасында жұмыс кезінде жанжал туындап, екеуі бір-біріне жұдырық сермеген.

Әкімшілік сот бұл жайтты жіті тексеріп, басшы 24 мың теңге айыппұл арқалады. Одан бөлек Түлебеков жұмысынан қуылған.

Түлебековтің өзі болса, бұл жайтқа орынбасарын кінәлап отыр. Ол орынбасары балағат сөздер жаудырып, кабинетінде оның ашуына тигенін алға тартуда.

Ол сот жанжалдың басы неден болғанын ескермеді деп санайды. Себебі, төбелестің не себепті басталғаны бейнебақылау камерасына түспеген.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
15
0
2
2
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel