RU
Тимур Сүлейменов: Қазақстанда орташа айлық жалақы 152 мың теңгеден асты
Жаңалықтар Саясат және экономика

Тимур Сүлейменов: Қазақстанда орташа айлық жалақы 152 мың теңгеден асты

Рассказать Вконтакте

Қазақстанда орташа айлық жалақы 152,3 мың теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: bnews.kz

Фото: bnews.kz

Сүлейменовтің мәліметінше, жоғары өндірістік белсенділік еңбек нарығындағы көрсеткіштерге оң әсер еткен. Биылғы жылдың басынан бері 134,8 мың адам жұмысқа орналастырылған. Сонымен бірге сәуірде жұмыссыздық деңгейі өзгеріссіз қалып, 4,9%-ды көрсеткен.

"Жалақы үдемелі қарқынмен өсіп жатыр. Биылғы жылдың қаңтар-сәуірінде орташа айлық жалақы 152,3 мың теңгені құрап, нақты көріністе 1,2%-ға өсті", — деді Сүлейменов үкімет отырысында.

Сондай-ақ, министр биылғы жылдың қаңтар-мамырында ЖІӨ өсімі 3,9%-ды көрсеткенін атап өтті. Экономиканың көтерілуіне инфляциялық процестердің баяулауы мен жоғары инвестициялық белсенділік ықпал еткен.

Инфляция жыл басынан бері 2,4%-ды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,9 процентке төмен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
62
9
1
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel