RU
Сәбиін өлтіріп кеткен безбүйрек ана Шымкент жұртын дүр сілкіндірді
Жаңалықтар Қоғам

Сәбиін өлтіріп кеткен безбүйрек ана Шымкент жұртын дүр сілкіндірді

Рассказать Вконтакте

Шымкентте өлі табылған сәбидің ісі бойынша ОҚО ІІД баспасөз қызметі мәлімдеме жасады. Құзырлы орыдардың хабарлауынша, медициналық сараптама жұмыстары белгілі болған соң шақалақтың анасына іздеу жарияланады. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Сәбиін өлтіріп кеткен безбүйрек ана Шымкент жұртын дүр сілкіндірді

Сәбиін өлтіріп кеткен безбүйрек ана Шымкент жұртын дүр сілкіндірді

Қаланың қақ ортасынан мүрдесі табылған сәбидің оқиғасы шымкенттіктерді дүр сілкіндірді. Оқиға орнында болған тергеушілер медициналық сараптама жұмыстарын тағайындаған. Тексеру жұмыстарының қорытындысы дайын болғанда полицейлер марқұм болған сәбидің анасына іздеу жұмыстарын жариялайды.

"Аталған жайт Шымкент қаласында орын алған. Қазіргі таңда Абай аудандық тергеушілер тобымен тексеру жұмыстары жүргізілуде. Сараптаманың қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Айта кетейік, қайғылы жағдай 12 маусым күні қалаға қарасты Абай ауданында тіркелген. Өлі сәбидің денесін таң намазына кетіп бара жатқан көпшілік тауып алған.

Мамандардың айтуынша, нәрестені анасы сол маңда босаныпты. Ал балақай басынан алған жарақаттан қаза тапқан.

Баланың жолдасы мен қан іздері де сол жерден табылған. Ал балақайды босанған анасы оны ақ матаға орап қалдырып кеткен екен.

Қазір тергеу амалдары басталды. Мамандар оқиға орнын зерттеп, тұрғындардан жауап алуда.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
4
0
6
1
1
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір