RU
Қуат "Найман": Еліме тіл тигізгенде қарап тұрмаймын
Жаңалықтар Спорт

Қуат "Найман": Еліме тіл тигізгенде қарап тұрмаймын

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат "Найман" Хамитов өзіне ескерту жасаған армян спортшысы Давид Хачатрянға жауап беріп, оны тағы бір мәрте жекпе-жекке шақырды деп хабарлайды Prosports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: prosports.kz

Фото: prosports.kz

Еске сала кетейік, Давид Хачатрян Қуат Хамитовке "тыныш жүріп, еліңде ет жеп жатқаның жөн" деп кеңес берген болатын. Отандасымыздың сөзінше, армян спортшысының бұлай айтуына еш себеп болмаған, сондықтан шақыртуын қабыл алса, жекпе-жекте айтқан сөздеріне жауап беретін болады дейді.

"Хачатрянмен жекпе-жек өткізу бұрыннан ойымда болған. Көктемде Армения елінде онымен жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс болған. Алайда ол менімен екінші рет жұдырықтасқысы келмеді. Менің орныма Куиллиді таңдады. Жекпе-жектің алдында Fight Nights арнасына берген сұқбатымда Питер Куиллі кездесуді уақытынан бұрын аяқтайды деп айтқан болатынмын. Осыдан соң Хачатрян менің намысыма тиетін сөздерді айтты. Оның бұлай айтатындай ешқандай себебі болған жоқ еді. Сол себепті оны жекпе-жекке шақырдым. Октагонда неге күші жететінін көрейік. Менің қолдарым оны айтқан сөздеріне жауап беруге мәжбүрлейтін болады. Кейбіреуі менің намысыма тиетін сөздер айтуы мүмкін, алайда ешкім менің отбасым мен еліме сөз тигізе алмайды", - Қуат "Найман".

Спортшының сөзінше, жанкүйерлер бұл жекпе-жекті тамыз айында көріп қалуы ғажап емес екен.

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
2
0
0
0
61
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір