RU
Головкиннен тартып алынған белбеуге кімдер таласатыны белгілі болды
Жаңалықтар Спорт

Головкиннен тартып алынған белбеуге кімдер таласатыны белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) бұрын Геннадий Головкинге тиесілі болған орта салмақ дәрежесіндегі чемпиондық белдікке таласатын боксшыларды ресми түрде атады, деп хабарлайды prosports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ToFight.Ru

Фото: ToFight.Ru

Басылымының жазуынша, бұл атаққа аталған ұйымның рейтингісінде бірінші және үшінші орында тұрған украиналық Сергей Деревянченко (12-0, 10 КО) мен бұрынғы әлем чемпионы, америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (34-2, 29 KO) таласатын болады.

Еске сала кетейік, IBF бұл титулды отандасымыз Геннадий Головкиннен (38-0-1, 34 КО) алып қойған еді. Себебі, GGG өзінің міндетті қарсыласы Сергей Деревянченкомен кездесуге келіспеген еді.

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
0
1
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір