RU
Бишімбаевтың кезінде шу болған атышулы кәсіпорындағы қытайша жазу жұрттың ашуына тиді
Жаңалықтар Қоғам

Бишімбаевтың кезінде шу болған атышулы кәсіпорындағы қытайша жазу жұрттың ашуына тиді

Рассказать Вконтакте

Қуандық Бишімбаевтың кезінде шу шыққан Қызылордадағы шыны зауыты тағы дауға қалды. Өйткені, аты-шулы кәсіпорын кіре берісіне қытайша сөздер жазып қойыпты деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кадрдан скриншот 31 арна.

Кадрдан скриншот 31 арна.
Source: UGC

Халық зауыт ішіндегі қызыл әріппен баттастыра жазылған сөздердің қазақша емес, қытайша болғанына ашуланған.

Ал тапсырыс берушілер экс-министр Бишімбаев 10 жылға сотталып кеткен соң зауыттың ендігі жұмысын Қытайдың ірі компаниясына беріпті.

Скриншот 31 арна.

Скриншот 31 арна.
Source: UGC

Сол компанияның басшысы жақында зауытқа келетін болғандықтан, осындағы құрылысшы қытай азаматтарының "қош келдің" деп бастығын күтіп аларда жазғаны деп отыр. Бірақ бұл жазулар көп тұрмай басшылары кеткеннен кейін бірден өшіріліпті.

"Олар сол жазуды іліп, "қош келдіңдер, шыны зауыты" деп қытайша жазылған. Қытайлар ағылшынша түсінбейді, қазақша, орысша түсінбейді. Қойды, келді, суретке түсті. Сосын кетті, кеткен соң алып тастадық", - дейді "Orda Glass Ltd" ЖШС төрағасы Ержан Сағымбаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Семейдегі халықаралық автобекет сыртындағы қытайша жазба да халықтың түсінбестігін туғызған еді. Желіде қызу талқыға түскен жазбаны басшылық кейін алып тастаған болатын.

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
10
2
4
1
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel