RU
Шымкенттік полицейлер екі аптадан бері мәйітханада жатқан әйелдің кім екенін анықтай алмай жатыр (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Шымкенттік полицейлер екі аптадан бері мәйітханада жатқан әйелдің кім екенін анықтай алмай жатыр (фото)

Рассказать Вконтакте

14 күннен бері шымкенттік полицейлер мәйітханада жатқан мүрденінің кім екенін анықтай алмай жатыр. Жол апаты кезінде тіл тартпай кеткен азаматшаның аты-жөні белгісіз деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: ІІД

Фото: ІІД

Құзырлы органның мәліметінше, марқұм болған кісі 29 мамыр күні жол апаты кезінде қаза тапқан. Түн жарымында жолды кесіп өтпек болған азаматшаны жеңіл көлік қағып кеткен екен.

"29 мамыр күні Алматы-Ташкент-Термез тас жолында қаза тапқан азаматша мәйітханаға жеткізілген. Марқұм кісінің жасы 30-35 шамасында. Оқыс жағдайды көрген-білгендер болса, 102-і нөміріне немесе 8-72-52-21-41-43 нөміріне хабарласса болады. Жағдайға байланысты медициналық сараптама жұмыстары жұргізілді", - дейді ОҚО ІІД анықтаушысы Бахтияр Дорибаев.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
4
2
8
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel