RU
Ең ауқатты шымкенттіктер Астананың қай ауданында тұрады?
Жаңалықтар Қоғам

Ең ауқатты шымкенттіктер Астананың қай ауданында тұрады?

Рассказать Вконтакте

Астананы оңтүстік тұрғындары "жаулап алғандығы" туралы бұған дейін де талай жазған едік. Кейін қала тұрғындарынан, тіпті "кілең шымкенттіктер" тұратын ауданның да барын білдік. Сонымен бір шаршы метрінің құны 660 мың теңгені құрайтын Астананың қай ауданы? Онда тек "шымқалалықтардың" тұратыны рас па? NUR.KZ тілшісі аталған ауданмен танысып қайтты.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Ақбұлақ" деп аталатын Астананың бұл ауданын қарапайым қала халқы көп білмейтін болып шықты. Елорданың оң жағалауында орналасқан ықшамаудан – шаһардың тыныш әрі экологиялық таза аумағында орналасқан.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Онда жасыл желек, алтын түстес сары бояумен боялған қала шамдары, тұрғындардың демалуына арналған орындықтар, тіпті мынадай жаяу жүргіншілерге арналған жолдар да бар.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Ал дәл осы аудандағы Шарль де Голь деп аталатын мына көшенің бойында Астанадағы ең қымбат тұрғын-үй кешендерінің бірі орналасқан. "Парижский квартал" деп аталатын бұл тұрғын-үй кешенінің сыртқы безендірілуі де ерекше. Одан үйдің кіреберісінің еуропалық үлгіде жасалғанын анық көруге болады.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Кейін ғаламтордағы ашық дереккөздерден аталған тұрғын-үй кешенінің 1 шаршы метрінің құны – 660 мың теңге тұратынын білдік. Бір қызығы баспанадан 1 бөлмелі пәтерді таба алмайсыз. Мұнда тек 2-5 бөлмелі пәтерлер ғана бар көрінеді. Сондай-ақ, үш бөлмелі пәтерлердің бағасы – 107 млн теңгені құраса, бес бөлмелілердікі тіптен шарықтап тұрғанына көз жеткіздік. Мәселен олардың бағасы – 200-300 млн теңге аралығын қамтиды екен.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Ауданда осы іспеттес батыстық үлгіде салынған тұрғын үйлер жетіп артылады.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Олардың арасында мынадай хан сарайындай котедждерді де көріп қалдық.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Айтпақшы аты затына сай аталған тұрғын үй кешенінің маңында "De Paris" атты мынадай қымбат мейрамханалар да тұр.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Мейрамхана алдында әйгілі "Эйфель мұнарасы" сән-салтанатпен бой көтерген.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Сол сияқты қаладағы ең қымбат саналатын "The One Hotel Astana" қонақүйі де осы ауданда бой көтерген.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Бір қызығы қаланың мынадай элиталық ауданында шымкенттіктер көп тұратын болып шықты. Бұл сөзімізді тұрғындардың өздері де растап берді.

"Біз бұл ауданда тұрмаймыз. Тек триатлон саябағына бола келген едік. Бірақ осы аумақта тұратын шымкенттік таныстарымыз көп. Тұрғындардың өздерінен де "қай жақтансыз?" деп сұрап көрсеңіз болады. Көбі - "шымқалалықтар". Бұл жақта кілең "южандар" тұрады", - дейді қала тұрғындарының бірі.

Материал ҚР заңнамасымен қорғалған. Редакцияның жазбаша рұқсатынсыз материалдың суреттерін және кез келген бөлігін көшіріп-басуға болмайды!

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
4
4
3
2
55
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір