RU
Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін

Рассказать Вконтакте

"Қазгидромет" синоптиктері 13 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Бұршақ. Көрнекі фото: Центр информации «ic24.kz

Бұршақ. Көрнекі фото: Центр информации «ic24.kz

Елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр, найзағай болады. Желдің күшеюі, дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстікте түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін. Жел екпіні 23 м/с жетеді.

Алматы, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл болып, жел 15-22 м/с жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, күндіз шаңды дауыл күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде бұршақ болуы мүмкін, жел 15-22 м/с, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Ақмола облысының кей жерлерінде күндіз дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Қарағанды облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысында, Атырау, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel