RU
Біртанов Қаскелеңдегі аурухананы әкімдік жөндемесе сотпен жаптырып тынбақ
Жаңалықтар Саясат және экономика

Біртанов Қаскелеңдегі аурухананы әкімдік жөндемесе сотпен жаптырып тынбақ

Рассказать Вконтакте

Қаскелеңдегі атышулы емдеу мекемесінің жабылу-жабылмауына қатысты Денсаулық сақтау министрлігі мен Алматы облысының атқамінерлері бір-біріне қарымта жауап қайтарып жатыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Біртанов. Фото abctv.kz

Біртанов. Фото abctv.kz

Менингит дерті ушыққанда аталмыш емханаға бас сұққан министр Елжан Біртанов талапқа сай келмейтін мекеменің жабылатынын мәлімдеген болатын.

Алайда, іле-шала облыс әкімдігі еліміздің бас дәрігерінің сөзін жоққа шығарып, емхана жұмысын тоқтатпайтынын мәлімдеді.

Ал министр, шілде айының соңына дейін олқылықтар жөнделмесе, емхана бәрібір жабылатынын айтуда.

Елжан Біртанов дәлізде жатқан сырқаттардан аяқ алып жүре алмай, талапқа сай келмейтін мекемені жабу керектігін айтқан болатын.

Алайда, министрдің байламына өзге уәж айтқан Алматы облысының әкімдігі, Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар емханасын жабуға негіз жоқ дейді.

120 орындық мекеме жылына 7 мыңға жуық науқас қабылдайды. Ал, емхана жұмысын тоқтатса, орны толмас қателікке ұрынамыз дейді әкімдіктегілер.

"Бұл ауруханада кәсіби, жоғары білікті дәрігерлер жұмыс істейді. Егер аурухана жабылатын жағдайда, аталмыш мамандардан айрылып қалуымыз мүмкін", - дейді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Әкімдіктегілердің сөзіне сенсек, жақын арада аурухананы күрделі жөндеуге қаржы бөлінеді. Алайда, алған бетінен қайтпаған Біртанов, кемшілік түзелмесе ешкімге кешірім болмайтынын жеткізді.

Тіпті, ауруханадағы сорақалық былтыр қазан айында анықталған.

"Әкімшілік өзінің кепілдігін берген. Шілде айының аяғына дейін бәрін жөндетеміз деп. Егер жөндесе әрі қарай жұмыс істейді. Бірақ, жөндемесе біз сот арқылы аурухананы жапқызуға қажетті шешімді ұсынамыз", - дейді Елжан Біртанов.

Алайда, министр белгіленген уақытта әкімдіктегілер бар олқылықты жуып-шаятынына күмәнмен қарайтынын жасырмады. Ал дертіне дауа іздеген жұрт «екі түйе сүйкенсе, екі ортада шыбын өледі» дегеннің кебін кимесек деп қауіптенеді.

Өйткені, министр Біртанов менингитке шалдыққандар жеке бақылауымда дегенімен, айтпай соғатын кеселдің тағы қай қуыстан шыға келетінін ешкім болжай алмайды.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel