RU
Елімізде спортшылардың атақ-дәрежесі грант бөлу кезінде ескерілмейтін болды
Жаңалықтар Қоғам

Елімізде спортшылардың атақ-дәрежесі грант бөлу кезінде ескерілмейтін болды

Рассказать Вконтакте

Елімізде мемлекеттік грант алу үшін спортшының атақ-дәрежесі, чемпиондық мәртебесі жеңілдік ретінде қарастырылмайтын болды деп хабарлайды КТК арнасы.

Түлектер. Фото: Хабар 24

Түлектер. Фото: Хабар 24

«Білім беру туралы» заңға жақында өзгеріс енгізіліп, бұл спорт саласының басы-қасында жүрген мамандар мен спортшылардың наразылығын туғызды.

"Бұл неге әкеліп соғады? Яғни, әлем, Азия, Олимпиада чемпиондарының құқықтарының шектелуіне деп айтуға болады. Тиісті орындарға хат жаздық. Дене шынықтыру және спорт мамандығы кенже қалмаса деген ойымыз. Таланты спортшылар білім грантынан қағылмау қажет", - дейді Қазақ спорт және туризм академиясының бірінші проректоры Мұхтар Есқалиев.

Заңда спортшылардан бөлек математика, химия, физика сияқты, пән олимпиадаларының жеңімпаздары да жеңілдіктен қағылды.

Мамандар 16 мамырда қабылданған заң ел намысын қорғайтын спортшылардың еңбегін бағаламау дейді.

Енді чемпиондардың тегін жоғары білім алуы қиындай түспек. Сондай-ақ, биыл дене шынықтыру саласына грант екі есе аз бөлінген. Еліміз бойынша 42 университетке бар-жоғы 450 грант қана.

"Спортшылар, өздеріңіз білесіздер, жарыста жүргендіктен, сабаққа көп көңіл бөле алмайды. Оларға жоғарғы нәтижеге қол жеткізу керек. Сол себепті спортшыларға міндетті түрде грант бөлу керек. Мемлекеттік грант", - дейді Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбрайымов.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
1
1
1
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір