RU
Баян Алагөзова ораза ұстағанын жарияға жар салып айтатын әріптестерін сынап тастады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Баян Алагөзова ораза ұстағанын жарияға жар салып айтатын әріптестерін сынап тастады

Рассказать Вконтакте

Қасиетті Рамазан айының аяқталуына да санаулы уақыттар қалды. Продюсер Баян Алагөзова ауыз бекітіп, ораза ұстағанын бәріне жария ететін әріптестерін сынға алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Баян Алагөзова. Фото: Алаш айнасы

Баян Алагөзова. Фото: Алаш айнасы

Бұл сын жазбасын продюсер Instagram парақшасында жариялады.

"Соңғы уақытта адамдар ауыз бекіткенін бәрінің білгенін қалайды. Қалай ауыз бекіткені мен ауыз ашқаны жайлы жиі жариялап отырады. Ал егер сен ораза ұстамасаң, онда бір нәрсең дұрыс емес деген пікір қалыптасты.

Ал меніңше, Алламен тілдесу үнсіз болуы керек. Неғұрлым ол беймәлім болса, күнәлар да соғұрлым кешірілмек", - деп жазды Мақсатқызы.

Бұл жазбаны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.

Біріншілері Алагөзованың пікіріне қолдау білдірсе, екіншілері "Жақсы істі айту парыз екенін, ал бақыт тыныштықты сүйетінін" айтып, Тұрсын Алагөзовпен түскен суретін жиі жүктемеуге кеңес берді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
4
1
0
3
32
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір