Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды мешітінде ер адам жамағаттың қалтасын қақты

Опубликовано:

Қарағандыда көпшіліктің сәждеге бас қойғанын пайдаланып, жамағаттың қалтасын қаққан ер адам бейнебақылау камерасына түсіп қалды деп хабарлайды КТК арнасы.

Қарағанды мешіті. КТК арнасынан скриншот
Қарағанды мешіті. КТК арнасынан скриншот: UGC

Орта жастағы ер азаматтың іс-әрекеті намаз оқып тұрған адамға әу бастан-ақ ұқсамайды. Жан-жағына жалтақтап тұрған оған ешкім назар аудармаған.

Ақыры жұрт жайнамазға бетін берген санаулы секундтарда ер адам ұрлық жасап үлгереді.

Айналасындағы екі сөмкені жылдам жымқырған ол есікке қарай зыта жөнеледі. Ал 23 жастағы студент жер сипап қалғанын намаздан кейін бір-ақ біліпті.

Сөмкеде студенттің киім-кешегі, ақшасы, құжаттары мен ұялы телефоны болған екен. Камераға бет әлпеті түсіп қалған ұрыны полиция бес күнннен бері іздестіруде.

"Алланың үйі мешітте ешкім ұрлық істемейді деп ойлаймыз ғой. Мешіт қызметкерлері ол азамат туберкулезбен тіркеуде тұрған дейді. Анда-санда келіп тұрады екен мешітке. Бірақ полиция қызметкерлері оны танымаймыз деп отыр", - дейді зардап шегуші Еламан Бейсе.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1736907-karagandy-mesitinde-er-adam-zamagatty-kaltasyn-kakty/

pixel