Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пәктігінен айырылып қалған қазақ қызы көпшіліктен ақыл сұрады

Опубликовано:

Өмірде аяғын шалыс басып, пәктігінен айырылып қалған 20 жастағы қазақ қызы көпшіліктен ақыл сұрады. Ол жақында тұрмысқа шығатын жігітін "пәк қызбын" деп алдап жүргенін де жасырмады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Новости Алтая
Фото: Новости Алтая: UGC

Бойжеткен екі айдан соң қазіргі жігітімен отау құратыны жайлы @Ushbu_hat арқылы жариялады.

"Осыдан үш жылдай бұрын басқа жігітпен түн өткізіп қойдым. Жас болдым, ештеңе түсінбедім. Бірақ осы уақытқа дейін ешкіммен қайтадан жақындаспадым. Ешкімге жолағым да келмеді. Енді қазіргі жігітіме осы жағдайды айтайын десем, қорқамын.

Оны қызбын деп алдап жүрмін. Айтсам, мені тастап кететінін білемін. Не істесем болады?", - деген ару жасанды пәктік салдырып алуды да ойлап жүр.

"Жасанды қыздық салдыруды ойлап жүрмін. Ол қалай болады екен? Сол кездегі ақымақтығым үшін, қазіргі сүйгенімнен айырылып қалғым келмейді", - деді жан сырымен бөліскен бойжеткен.

Құрметті, оқырман! Сіз бойжеткенге қандай кеңес берер едіңіз? Жаңа өмірді өтірікпен бастаған дұрыс па?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1736917-pktiginen-ajyrylyp-kalgan-kazak-kyzy-kpsilikten-akyl-srady/

pixel