RU
Жәнібек Әлімханұлы әйгілі Тайсонның бапкерімен жаттығып жүр
Жаңалықтар Қоғам

Жәнібек Әлімханұлы әйгілі Тайсонның бапкерімен жаттығып жүр

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының (2-0, 1 КО) PR-менеджері Берік Сұлтан Майк Тайсонның бапкері Бадди МакГирт боксшыны қалай дайындап жатқандығы жайлы айтып берді деп хабарлайды Vesti.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Жәнібек командасы

Фото: Жәнібек командасы

Бадди МакГирт - әлемдегі ең үздік бапкерлердің бірі. Ол жай ғана бапкер емес, ол - талай мықты спортшыларды дайындаған екі дүркін әлем чемпионы. Ол - өзінің қарамағындағы боксшылардың жұлдызын жаға білетін талантты кәсіпқой маман.

"АҚШ-тағы сапарамыздың басты мақсаты - мықты бапкер табу болатын. Біз бұл туралы менеджер Эгис Климасқа хабарладық. Біраз нұсқаларды қарастырып, зерттедік. Бізге ұнамады. АҚШ-тағы достарымыздың көмегіне жүгіндік. Эгис бізге Баддиді ұсынды.

Оның мықты бапкер екенін айтты. Екі күн бойы осы ұсынысты қарастырдық. Өзінің жұдырықтасуларын, қарамағындағы боксшылардың кездесулерін қарадық. Алақанды қалай ұстайтынын бақыладық. Шабуыл мен қорғаныстың қайсысына көп мән беретінін аңғаруға тырыстық. Үшінші күні Нортридждегі Бадди МакГирттың залына аттандық.

Фото: sports.kz

Фото: sports.kz

Жәнібек жаттығуын өткізіп, алақанмен жұмыс істеді. Оның көңілінен шықты. Жәнібектің ерекшелігі Баддиға қатты ұнады. Екеуі де бірінші күннен бастап бірге жұмыс жасауды ұйғарды. Ол тек кейбір өзгешеліктер енгізгісі келеді екен. Бұл біз үшін маңызды", - деді Берік Сұлтан.

Оның айтуынша, Жәнібек басқа боксшылардан бөлек екі сағаттық жаттығу өткізеді. Ол Эгис Климасқа осындай талантты бапкермен таныстырғаны үшін алғыс білдірді. PR-менеджер бірге биік шыңдарды бағындыратындарына сенімді.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлының Бадди МакГиртпен бірлесіп жұмыс істейтіндігі жақында ғана белгілі болды. Маманның қарамағында американдық Брайн Митчелл пен Джеймс Тони, канадалық Артуро Гатти және ең танымалдысы - Майк Тайсон секілді әлемнің экс-чемпиондары болған.

25 жастағы қазақстандық боксшы Америкадағы кәсіби мансабын жалғастырмақ ниетте. Оның жаңа менеджері болып Василий Ломаченко мен Сергей Ковалев секілді әлем чемпиондарының тәлімгері Эгис Климас тағайындалды.

Боб Арум. Фото: Google

Боб Арум. Фото: Google

Америкадағы Жәнібектің кең қанат жайып, өсіп-өнуімен Top Rank-тан шыққан Боб Арум айналыспақ.

Қазақстандық боксшы 27 жастағы ирландық Джейсон Куиглимен (14-0, 11 КО) кездесіп қалуы бек мүмкін.

Қызықты жаңалығыңыз бола, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel