RU
Головкиннің өкілі "Канеломен" келіссөз жайлы соңғы жаңалықты хабарлады
Жаңалықтар Қоғам

Головкиннің өкілі "Канеломен" келіссөз жайлы соңғы жаңалықты хабарлады

Рассказать Вконтакте

Nом Леффлер Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің екінші жекпе-жегі туралы келіссөздер қалай жүріп жатқанын айтты деп жазды Sports.kz сайтына сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Головкин. Фото ашық дерек көзінен алынды

Головкин. Фото ашық дерек көзінен алынды

"Мен әлі Эрик Гомеспен келіссөз жүргізіп жатырмын, алайда қос боксшы да өз айтқандарынан қайтпай отыр. Бір шешімге келе аламыз ба, жоқ па, оны уақыт көрсетеді.

Бұл жекпе-жекті барлығы көргісі келеді. Мәмілеге жақынбыз ба, жоқ па? Оны айту қиын. Жақындап қалған болуымыз да мүмкін, алайда келісімшартқа қол қойылған жоқ, ештеңе аяқталмады", — дейді Леффлер.

GGG мен "Канелоның" рематчы 15 қыркүйекте өтеді деп жоспарланған. Бүгін мексикалықтың промоутері Оскар де ла Хойя осы күнге Лас-Вегастағы T-Mobile Arena аренасын броньдап қойғаны белгілі болды.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір