RU
Қытайдағы қысым салдарынан мұсылмандар қасиетті құранды жерге көміп жатыр
Жаңалықтар Әлемде

Қытайдағы қысым салдарынан мұсылмандар қасиетті құранды жерге көміп жатыр

Рассказать Вконтакте

Қытайда ислам дінін ұстанушы мұсылмандарға үлкен қысым көрсетілуде. Олар бірнеше жыл қатарынан ораза ұстау, намаз оқу, мешітке бару құқығынан айырылған. Жергілікті билік халықты қатаң бақылауға алған деп хабарлайды sn.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: sn.kz

Фото: sn.kz

Орын алған оқиғаға орай Шығыс Түркістанның қашуға мәжбүр болған премьер-министрі Анвар Юсуф Турани шетелдік басылымдарға сұхбат берген.

«Біздің аумағымыз отарланды. Біздің мұсылман бауырларымыз азаттық үшін талай мәрте бас көтерсе де, мұсылман әлемі әлі үнсіз», – дейді ұйғыр диаспорасының басшысы Анвар.

Экс-премьер әлем бойынша 35 млн ұйғырлардың тең жартысы Қытайда түрлі қысым көріп жатқанын айтты. Халықтың басым көпшілігі Қытай билігі қойған «Синьцзян» атауын мойындамай, Шарки Түркістан деп атайды. Бірақ бұл атауды сепаратизм ретінде қабылдаған ресми билік тәртіпке бағынбайтындарды аяусыз жазалайтын көрінеді.

Анвар Юсуф Турани

Анвар Юсуф Турани

«Мен 3-4 жыл бойы Теджен қаласының маңындағы еңбек лагерінде өмір сүргенімді жақсы білемін. Лагерьге бізді ата-анамның Қытай билігін мойындамағаны үшін жапқан болатын», – дейді Анвар.

Сол сәттен бастап оның отбасын 22 жыл бойы қудалау жалғасқан.

Біздің қаламызда Кудрат есімді адам өмір сүрді, оның Куреш Хан есімді әйелі болды. Олар өте кедей өмір сүрді. Бірақ кейіннен коммунизм идеологиясын қабылдады. Оған себепкер болған өлім жазасына кесілген шенеуніктің үйін иемденуі еді. Осылайша Қытай билігі жергілікті халықты өзіне баурап алды», – дейді ол.
Фото: scmp.com

Фото: scmp.com

Бірақ кейіннен үй алған отбасыларға шошқа бақтырған.

«Біздің қаламыздағы барлық мешіттерді кинотеатрлар мен жиналыс орындарына айналдырды. Ал көптеген байларды өлтірді. Менің әкемде құран болған еді, ол оны ұзақ жылдар бойы сандыққа салып, жерге көміп тастады. Себебі ол үшін үлкен жаза алуы мүмкін еді.
Ал Мао өлгеннен кейін, қайта қазып алды. Солайша Құранына қайта қол жеткізді. 2017 жылы Ұйғыр автономиясында тексерістер орын алып, 4 мың Құранды өртеп жіберді. Ендігі таңда қасиетті Құранды сақтап қалу үшін, халық тағы да жаппай жерге көміп жатыр. Құдды Мао дәуірі қайта оралғандай. Бұл сондай қорқынышты», – дейді Анвар.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
3
9
25
0
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір